
Майами әуежайындағы апаттан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
АҚШ-тың Майами қаласында жүк ұшағы қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетті.
Оқиға 6 қыркүйекте Майами халықаралық әуежайында болған.
Amazon компаниясының жүктерін тасымалдаған Boeing 767-300 ұшағы қону барысында жолақтан шығып, әуежай маңындағы бірнеше көлікке соғылған. Соқтығыстан кейін ұшақта өрт шыққан.
Апат салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам жараланды.
Зардап шеккендердің үшеуінің жағдайы ауыр екені хабарланды.
Ұшақ Сан-Хуаннан Майамиге бағыт алған.
Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00 шамасында болған.
Оқиға орнына ондаған құтқару техникасы мен шамамен 200 маман жұмылдырылған.
Қазір апаттың нақты себебі анықталып жатыр. Тергеуге АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі мен Федералды авиация әкімшілігі қатысуда.



