Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Нұржігіт комадан шықты»: Бақытжан Базарбек сүйінші жаңалық жеткізді

Жамбыл облысында экс-депутат қағып кеткен Нұржігіт есін жиды.

Бұл туралы экс-депутат Бақытжан Базарбек мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Науқас ауыр жарақат алып, 24 күн комада жатты.

Базарбектің айтуынша, ер адам оянғаннан кейін анасын, әйелі мен балаларын және басқа да жақындарын таныған.

«24 күн. Нұржігіт комадан шықты, оянды. Есін кіргізіп, анасын, әйелі мен балаларын, аға-інілерін, туған-туыстарын танып отыр. Еліміздің бетке ұстар реаниматологы, Мусин Гамзат Афендиевич бастаған Тараз қаласының анестезия және реанимация бөлімінің кәсіби реаниматологтары Денсаулық сақтау министрлігінің көмегімен жан-жақты, сапалы ем жасап, Нұржігітті аяғына тұрғызуда», — деді Базарбек желідегі парақшасында.

Еске салайық, жол апаты 15 тамызда Жамбыл облысында болған. Ер адам ауыр бас сүйек-ми жарақатын алған. Сонымен қатар екі жақ қабырғасы мен оң аяғы сынған. Өкпесі мен кеуде қуысының арасына қан жиналған.

Қазір дәрігерлер Нұржігіттің денсаулығын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button