Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Мұнай кәсіпорнының мүлкін алты рет ұрлады деген ер адам ұсталды

Жаңаөзенде мұнай-газ кәсіпорнының өндірістік нысандарынан жабдықтарды бірнеше рет ұрлады деген күдікпен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға Теңге ауылындағы ұңғымалардың бірінен екі шиберлі ысырманың жоғалуынан кейін әшкереленген.

Кәсіпорынға келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден асқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, ұстаған.

Тергеу кезінде оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екені белгілі болған.

Қазір ер адам кәсіпорын мүлкін ұрлаудың алты дерегіне қатысы бар деген күдікке ілініп отыр.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция ұрланған жабдықтарды іздеп жатыр.

Сонымен қатар қылмысқа басқа адамдардың қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button