Иран Иордания аумағындағы АҚШ әскери базаларына зымырандық соққы жасағанын мәлімдеді. Ал Иордания билігінің хабарлауынша, елдің әуе қорғаныс жүйесі ұшырылған зымырандардың басым бөлігін әуеде жойған. Бұл туралы Qandastar.kz сайты РБК-ға сілтеме жасап хабарлады.
Алғашында Al Hadath телеарнасы Иорданияның әуе қорғаныс күштері Эль-Азрак қаласы маңында ирандық зымырандарды тосып жатқанын хабарлады. Кейін Al Jazeera Ирбид қаласы маңында да бірнеше зымыранның атып түсірілгенін мәлімдеді.
Өз кезегінде Иранның Mehr ақпарат агенттігі ел қарулы күштері Иорданиядағы америкалық әскери нысандарға жаппай зымыран шабуылын жасағанын хабарлады.
Бұл оқиға АҚШ-тың 8 қыркүйекте Ормуз бұғазындағы Харк аралы маңында бірнеше ирандық мұнай танкеріне соққы жасауынан кейін орын алды. Вашингтон бұл әрекетін америкалық әскери кемеге жасалған зымыран шабуылдарына жауап ретінде түсіндірді.
Сонымен қатар, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-тың шабуылдары жалғасқан жағдайда Кувейт пен Бахрейндегі америкалық күштерге қатысты жаңа соққылар жасалуы мүмкін екенін ескертті.



