Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

NCOC айыппұлы тоқтаған жоқ: министрлік мән-жайды түсіндірді

NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына қаражат өндіріп алу тоқтаған жоқ, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.

Бұған дейін кейбір БАҚ-та компаниядан ақшаны өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаны туралы ақпарат тараған.

Министрлік бұл мәліметтің мән-жайын түсіндірді. Қазір NCOC мемлекеттік сот орындаушысының әрекетіне шағым түсірген. Осыған байланысты Атырау облысының соты атқарушылық іс жүргізу материалдарын сұратқан.

Заң бойынша сот атқарушылық іс жүргізу материалдарын талап еткен жағдайда, іс құжаттар соттан қайтарылғанға дейін уақытша тоқтатылады.

Яғни бұл қаражатты өндіріп алудан толық бас тартылды дегенді білдірмейді. NCOC-тан мемлекет пайдасына ақша өндіріп алу жұмыстары заңда белгіленген тәртіппен жалғасады.

Айыппұл компанияға күкіртті сақтау талаптарын бұзғаны үшін салынған. Оны 20 шілдеге дейін ерікті түрде төлеу талап етілген. Айыппұлдың заңдылығы Қазақстан соттарында расталған.

NCOC — Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларының біріне қатысатын консорциум. Оның құрамында «ҚазМұнайГаз», ExxonMobil, Eni, Shell және TotalEnergies бар.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button