Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Балаларға әлеуметтік желіге шектеу қойылады: министр басты талапты айтты

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарына шектеу қойылмақ.

Бұл талап арнайы заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, үкімет қажетті заңнамалық өзгерістерді әзірлеп қойған. Енді жаңа нормаларды енгізу тәртібі мен оны бақылау тетіктері талқыланады.

Министрдің сөзінше, шектеудің басты себебі – балалардың әлеуметтік желідегі контентті қабылдау ерекшелігі.

Сүлейменова балалардың қысқа видеоларды көп көретінін, мұның олардың зейіні мен ақпаратты қабылдауына әсер етіп жатқанын атап өтті.

Министрдің айтуынша, 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде жеке аккаунты болмауы керек.

Енді негізгі мәселе – бұл талаптың іс жүзінде қалай жүзеге асатыны. Мысалы, баланың жасын әлеуметтік желі қалай анықтайды, аккаунт ашуға қандай тетік арқылы шектеу қойылады және талаптың сақталуы кім тарапынан бақыланады деген сұрақтар қаралады.

Бұл мәселелер Құрылтай депутаттарымен бірлесіп талқыланбақ. Заң жобасы тиісті қарауға енгізіледі.

Жұлдыз Сүлейменова бұған дейін балалардың әлеуметтік желідегі белсенділігіне қатысты зерттеулер жүргізілгенін айтып, ондағы кейбір контенттің жасөспірімдерге кері әсері бар екенін жеткізді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button