Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Аулада отырғандарды көлікпен қаққан мұғалім 9 жылға сотталды

Түркістан облысының Арыс қаласында мас күйде көлік жүргізіп, үйдің сыртында отырған адамдарды қаққан әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға биыл 6 маусымда кешкі сағат 20:30 шамасында Сейтбек көшесінде болған. Әйел алкогольдік масаң күйде көлік жүргізіп, аулада орындықта отырған бір топ адамды қағып кеткен.

Сотта оның бұған дейін мектепте мұғалім болып жұмыс істегені белгілі болды. Айыпталушы жарыссөз кезінде мүгедек баласы барын айтып, жазаны жеңілдетуді сұраған.

Әйелге Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі және 347-бабы бойынша айып тағылған.

Сот оны 9 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар әйел өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Алайда сотталған әйелдің асырауында кәмелетке толмаған баласы болғандықтан, бас бостандығынан айыру жазасын орындау бір жылға кейінге қалдырылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button