Әлем жаңалықтарыБілім

“Сабаққа үшінші рет кешіксеңіз әр кешіккен сайын ақша төйлейсіз”

Сонымен жаңа оқу жылы басталды. Біз бір жыл Англияның Лестер деген қаласында тұрдық. Балаларымыз сонда мектепке және бақшаға барды. Бұл жазбамда ағылшындардың мектеп жүйесі туралы айтпақпын. Содан қойшы, Лестерге жеткен бойда үйге орналасып болған соң балаларды мектепке беруге қамдандық. Келіншегім ұялытелефонмен қалалық білім басқармасына xабарласты. Бар жоғы 20 минуттың ішінде (телефонмен сөйлескен уақыт) балаларымызды мектепке қабылдады. Ешқайда сенделтпей-ақ, том-том құжат сұрамай-ақ қабылдады ейй. Сондағы телефон арқылы алған мәліметтері мынау: паспорт бойынша туған күні, айы, жылы, аты-жөні. Келген мемлекетің, не мақсатпен келдің? Лестерде тұратын мекенжайың. Осының бәрін білген соң бізге “таңдаңыздар” деп он шақты мектеп мекенжайын ұсынды. ал кеп ойланалық, онның ішінен қайсысына тоқтасақ деп. Сөйтсек, олар бізге онын бергендегі мақсаты мынау екен: әкесінің не шешесінің жұмысына жақын ба, әлде үйге жақын ба? Біз өзімізше ішінен ең жақсысын шертіп алармыз десек, олар айтады: “бізде ауқаттың да, ортаңғолдың да, кедейің де бірдей, барлығы бір мектепте білім алады. Барлық мектептердің оқу бағдарламасы, оқыту жүйесі бір, ешқандай айырмашылық жоқ!” Міне ғажап, содан үйге жақын жаяу 10-15 минуттық жердегісіне барамыз деп шештік. Ендеше, ертең 9:00 де мектепке келіңіздер деді. Ертесіне бардық. Мектеп ережесімен танысып шартына қол қойдық. Балаларыңыздың қандай тамақты ұнатып нендей нәрсеге аллергиясы бар деп түгел тәптіштеп сұрап алып шартта көрсетуіңді міндеттейді. Бұлардың ас мәзірінде үш түрлі тамақ мәзірі, үлгісі бар. Ол мынау: жергілікті яғыни ағылшындардың асы (оның ішінде шошқаның еті болады), ет жемейтін, шөп жегіштерге Виджитиряндарға, Халал фуд (шариғатқа сай тамақ). Жалпы ағылшындар бізді көшеде көрсе бірден қытай деп ойлайды екен. Абырой болғанда келіншегімнің киім үлгісіне қарап “сіздер мұсылман екенсіздер, қай елден келдіңіздер?” деп сұрап алды. Келіншегімнің жаулығына қарап “сіздер мұсылмансыздар ғой, сіздерге xалал фуд дұрыс қой” деді. Әрине деп сарт еткізіп белгілеп жібердік. “Енді мектеп формасын таңдаңыздар” деді. Жаздық және қыстық үлгіден екі-екіден нұсқа бар екен. Ашықтау, орташа және шариғи орамалмен жабық киім үлгісі. “сіздер мұсылман, қазақстаннансыздар, сіздерге мұсылмандық үлгі дұрыс болар” деп тағы да айтты. Біз, “Бізде жергілікті xалықы мұсылман болса да мектепке орамалмен баруға болмайды, баланың білім деңгейімен емес киім киісімен алысады” деп айта бергеніміз сол-ақ еді үлкен қызым “мен орамал тағамын” деп табан астында шатақ шығарды. Дау-жанжал біздің елдегідей өршіп кетпесін деп көндік. Дене шынықтыру пәніне де шариғи үлгідегі киіммен қатысуға әбден болады. Сөйтіп қолымызға бір жапырақ қағаз берді. Ол қағазда бір жылдық мектеп жоспары жазылған. Қай күні демалыс, қай күні сабақ, мейрам, кітапxанаға сапар, директормен кездесу, ата-аналар жиналысы, қалалық білім басқармасының маманының ата-ана және оқушымен тәрбие сағаты, экскурсия, түрлі қайырымдылық шарасы бәрі-бәрі жазылған. Және тура солай болды! Ол олма, 9:00 де басталған сабақ 15:00 де аяқталады. Одан соң 15:00-17:00 ге дейін мектеп ішінде ақылы медіресе бар, қаласаң оқытасыз. Діни білімін жетілдіресіз. (барлық дін өкілдерінің үйірмелері бар). Тағы бір айта кететін жәйт, сабаққа үшінші рет кешіксеңіз әр кешіккенің сайын ақша төйлейсіз. Ескертіп қояйын, тым көп ақша төлейсіз! Және ол ақшаны төлемей кешіктірген сайын үстінен үстемелеп төлейсіз! Төлемесеңіз заң қатал, әкеңді де, көкеңді де ұқпайды, темір торға бірақ тоғытады. Ал, енді ұстаздарының баламен қарым-қатынасы тіпті керемет қой. Ұстаздың еміреніп, елжірегені туған анасындай, тіпті асып түспесе кем түспейді еййй. Мектеп қызыметкерлерінің қай-қайсысы болсын (директоры, ұстазы, еден жуушы, аспаз, xатшы, есепші т.б. болсын) балаға ұрысқан былай тұрсын дауыс көтермейді! Бала бір нәрсені бүлдірсе асқан сабырлықпен, баппен түсіндіреді. Сабақ сондай қызық әрі тартымды және еркін жүрісте өтеді. Оның нәтижесі мынау: балаңыз 9:00 де басталатын сабаққа сағат 6:30-7:00 де өздері тұрады. Қазақстанға қайтар күн жақындаған сайын балаларым “әкетай, билетті өткізші, осында қалайық, немесе өзіңіз кете беріңізші, біз осында қалайықшы, бұл жақтты қатты жақсы көріп қалдық” деп күнде күнде айтумен болды. Ал мен “оуу, көкелер, мен Қазақстанға барып ән айтуым керек, сендер менің ең басты тыңдармандарымсыңдар, сендерсіз мен ән айта алмаймын” деп еш қандай айқай-шусыз көндіріп алып келдім. Солай, ағайын. Көргенімді, білгенімді, түйгенімді бөлістім!
Толықтыру: шартқа қол қойып барлық шаруаны ыңғайлап болған соң, “ертең баламызға қаламсап, қарындаш, өшіргіш пен ұштағыш және дәптер алып әкелеміз” десек бізге, ауру, жынды адамдай қарап, “сіздер қызықсыздар ғой, балаңыз келсе болды, басқасын мектеп өзі тегін береді” деді. Сосын мектептің құрылысы ерекше. Әр сыныптың оқушысы өз сыныбына сырттан келгенде жеке, бірден өз сыныбына кіретін есіктен кіреді. Әр сыныптың сырттан келгенде кіретін есігі бар. Қайтарда да сол есіктен алып қайтасың. Ол есік 9 ға он минут қалғанда жабылады. Ал кешіккендер негізгі есіктен кіреді. Кешіккен себебін түсіндіріп, қанша уақыт кешіккенін жұрналға тіркетеді. Ол есікті олар “офис есігі” деп атайды. Солай достар!

Дәстүрлі әнші Ерлан Рысқалидың ФБ-парақшасынан алынды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close