Жаңалықтар

Бекшин: Мемлекеттік қызметке енді оралмаймын

Фото: liter.kz

Бұған дейін ұзақ жылдар Қазақстанның бас санитар дәрігері қызметін атқарған Жандарбек Бекшин жақында қызметіндегі өзгерістерді баяндады, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Қазір Бекшин «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» ЖШС-нің директоры. Жиындардың бірінде ол «Мемлекеттік қызметке оралмайсыз ба?» деген сұраққа «жоқ» деп қысқа қайырды.

Естеріңізде болса, Ж.Бекшин COVID-2019 пандемиясы басталар тұста бас санитарлық дәрігер ретінде «Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз күндері аралығында елімізге короновирустың алғашқы легі келуі керек» деп жұрттың ашуын болатын. Оған қоса осы мәлімдемесіне «наконец-то» сөзін қосып ел күдігін одан әрі өршіте түсті.

2022 жылдың 5 қаңтарында бұрынғы санитарлық дәрігер зейнеттік демалысқа шығып, содан бері жұрт көзінен таса болды.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close