Әлеумет және қоғам
Соңғы аптада Нұр-Сұлтанда қызылша жұқтырудың 50 жағдайы тіркелді
Соңғы аптада Нұр-Сұлтанда қызылша жұқтырудың 50 жағдайы тіркелді, деп хабарлады қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
«Қызылша республиканың барлық өңірінде тіркелді. Әсіресе Астана және Маңғыстау облыстарында жағдай өршіп тұр, бұл өңірлерде соңғы аптада сәйкесіше 48 және 38 жағдай тіркелген. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі таңға дейін қызылшаның 7560 расталған түрі тіркелген, соның ішінде 14 жастан жоғары балалар арасында – 5339 жағдай (70,6%). Ауру көбіне екпе алмаған балалар арасында жиі тіркелуде, олар науқастардың 61,6% құрап отыр», – деді Бекшин дүйсенбіде ОКҚ брифингінде.
Ол атап өткендей, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ауру шыққан ошақтарда қарым-қатынаста болғандарды иммундау шаралары жүргізілуде.
«Бүгінгі таңда 14 794 адам екпе алды. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 9-10 айлық нәрестелерді және медқызметкерлерді қосымша егу басталды. 66 618 (егілуге жататындардың 86,2%-ы) адам және 65 263 (97%) медқызметкер егілді», – деді санитарлық дәрігер.
Оның айтуынша, қосымша екпенің арқасында сәуірде қызылшамен ауру наурызбен салыстырғанда 17,3% ( 1984-тен 1639 дейін) төмендеді.
«Атап өту керек, қызылша ауруы еуропалық өңір елдерінде де тіркелуде, ол жақта 2018 жылы 82 мыңнан астам жағдай тіркеліп, 72 адам көз жұмған. Ағымдағы жылы тек Украинада 49 мыңнан астам жағдай тіркеліп, 17 адам қайтыс болған», – деді Бекшин.
Согдияна Идрисова.
Дереккөз: https://kaztag.kz/kz/news/so-y-aptada-n-r-s-ltanda-yzylsha-zh-tyrudy-50-zha-dayy-tirkeldi-