ӘлеуметЖаңалықтар

Әйелі мен баласын ұрғандар 8 жылға сотталуы мүмкін

 

Бұл баптар тек әйел немесе бала құқығын қорғаумен қатар, барлық құқығы бұзылған, денсаулықтарына қасақана жеңіл зиян келтірілген, және ұрып-соғуға тап болған барлық азаматтардың құқығын қорғауға бағытталады.

Депутат Жұлдыз Сүлейменова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды бірінші оқылымда таныстырды.

Заңда қандай жаза қарастырылып отырғаны айтылды.

Дене жарақатын келтірген, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау – 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 25 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады, — деді депутат.

Осы әрекеттер қайталанса, мысалы:

1) екі немесе одан да көп адамға жасалса;

2) осы адамның қызметтік немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышты орындауына байланысты адамға немесе оның жақындарына;

3) кінәліге көрінеу, дәрменсіз күйдегі не кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға;

4) адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы;

5) бұзақылық ниетпен;

6) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық негізінде;

7) бірнеше рет;

8) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты – 1 жүзден 2 жүз АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1 жүзден 2 жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 30-дан 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.

Бұл баптар тек әйел немесе бала құқығын қорғаумен қатар, барлық құқығы бұзылған, денсаулықтарына қасақана жеңіл зиян келтірілген, және ұрып-соғуға тап болған барлық азаматтардың құқығын қорғауға бағытталады. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтар болмауы үшін, азаматтардың жауапкершілігін күшейту. Жаңа редакцияда, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды, — деді Сүлейменова Мәжілісте.

Сонымен қатар жаңа редакцияда денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close