Әлем жаңалықтарыӘлеумет және қоғамЖаңалықтар

АҚШ-та қараусыз қалған сәби қайғылы жағдайда көз жұмды

Georgia штатында бір жасар сәби ересектердің қарауынсыз қалып, қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қатты ашыққан бала жәндіктерді жеген. Оқиғаға байланысты анасы қамауға алынып, балаларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша айып тағылды.

АҚШ-тың Georgia штатында ересектердің қарауынсыз қалған бір жасар сәби қайтыс болды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, бала 12 сағат бойы бақылаусыз қалған.

People басылымының мәліметінше, сәби үйде өзге бес бауырларымен бірге болған. Алайда олардың ешқайсысы өздігінен дұрыс тамақтана алмаған. Алдын ала деректер бойынша, қатты ашыққан бала үйдегі жәндіктерді жей бастаған, соның салдарынан көз жұмған.

Оқиғаға байланысты балалардың 37 жастағы анасы Шерри Магби ұсталды. Оған балаларға қатысты қатыгездік танытты деген айыппен алты іс қозғалған. Әйелдің айтуынша, ол балаларды қарауды 10 жастағы үлкен баласына қалдырған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button