2026 жылғы 9 сәуірде Алматы халықаралық әуежайы ұшатын жолаушыларға маңызды хабарлама жасады. Zakon.kz мәліметіне сәйкес, бүгіннен бастап 10 күн бойы Т2 терминалындағы ұшу аймағында, паспорттық бақылау маңында төбе жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп хабарлады.
Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін өтеді. Әуежай өкілдері бұл жұмыстар жолаушылар қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірмейтінін айтқанымен, уақытша қолайсыздықтар болуы мүмкін екенін ескертті.
Осыған байланысты жолаушыларға қарбалас кезеңде кезекке тап болмас үшін әуежайға алдын ала келу ұсынылады.
Сондай-ақ бұған дейін әуежай әкімшілігі жолаушыларға бейтаныс адамдардың сәлемдеме, пакет немесе басқа да заттарды жеткізіп беру туралы өтініштерінен бас тарту қажет екенін ескерткен.
