Жаңалықтар

Алматылық ғалым мұнай шығаратын құрылғы ойлап тапқан

 

Отандық ғалымдардың ізденісі жыл сайын өндіріске серпін беріп келеді. Мәселен, 2016 жылдан бері Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен 289 жоба іске асырылып, 149 өндіріс орны құрылған. Оның ішінде 16 жоба шетелге шыққан. Ғылым комитеттің мәліметінше, ғылымда әйелдердің үлесі 50 пайыздан асады. Арасында ауыр техника саласына қызығатын нәзік жандылар көп.

Солардың бірі — Аяулым Бағдатқызы. Екі жыл бұрын жас ғалымдар арасында өткен ғылыми жобаға қатысып, грант ұтып алған. Нәтижесінде мұнай өндіруге қажет құрылғыны жасаған. Енді оның өндірісте іске асуын күтіп жүр.

Аяулым Бағдатқызы, Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының жетекші ғылыми қызметкері:

Біреуі өндірістік түрі жасалды, екеуі макет түрінде жасалды, оны станок-качалка дейді, мұнай газ өндіріс саласында қолданады. Бұлардың ерекшелігі механизм өзі қызметін атқара береді, соның есебінен бізде металл сыйымдылығы азаяды. Металл сыйымдылығы азайғаннан кейін оның электр энергиясын тұтынуы да азаяды. Мысалы мұнай газ саласында станок-качалка көп эксплуатация жасалып, ремонт жасайды олардың бәрі көп шығынға келеді. Ал біздің станок-качалкада металл сыйымдылығы төмен болғандықтан сәл болса да шығыны азайған

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close