Жаңалықтар

Алматының бірнеше көшесінде жолдар жабылады

30-31 тамыз күндері Tour of Almaty-2019 веложарысының өтуіне байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан велоспорт федерациясына сілтеме жасап. 30-31 тамыз күндері Алатау баурайында Tour of Almaty-2019 кәсіби веложарысы өтеді. Екі жыл бұрын жарыс көпкүндік мәртебесін алған болатын. «Жыл сайын жарыстың тікелей көрсетілімін «Eurosport» телеарнасы арқылы әлемнің 47 елінде  көрермендер тамашалайды. Tour of Almaty-2019 ұйымдастырушылары қала тұрғындарының тілектерін бойынша жарыстың алғашқы кезеңінің бағытын өзгертіп, қаланың көлік қозғалысы көп орталық көшелерімен жүрмейтін болды.  Ал 31 тамызда жолдар шабандоздар жүріп өткенше ғана жабылады. Пелотон белгілі бір көшені жүріп өткеннен кейін бірден қозғалыс қайта жанданатын болады», – делінген ақпаратта. Ал  алғашқы кезең «Индустриалды парк» аумағында өтеді. Ұйымдастырушылар бұл қаладағы қозғалыстың шектелуін барынша төмендетеді деп отыр. 30 тамыз жарыс сағат 12:00-де «Алматы Аренадан» басталады. Шабандоздар солтүстік бағытта Момышұлы көшесімен, эко-бекетке дейін барады. Ол жерде көлік қозғалысы 11:45-тен 12:15-ке дейін шектеледі. Кейіннен пелотон бұрылып, «Индустриалды парк» аумағына кіреді. Ол жерде 7 айналым жасап, шамамен сағат 15:00-ге дейін болады.Соңғы айналым аяқталғаннан кейін велесебедшілер Момышұлы, Мөңке би,  Универсиада көшелерімен «Алматы Аренаға» қайта оралады. Аталған көшелерде көлік қозғалысы 14:15-15:15 уақыт аралығында шектеледі. Жүргізушілерге  Солтүстік айналма жолмен жүруге кеңес береді. 31-тамыз күні сағат 11:00-ден 15:30-ға дейін өтеді. Дода «Халық Аренаның» Талғар трактісі жағынан басталады. Бұл ауданда уақытша автокөлік қозғалысы 10:45-11:05 аралығында шектеледі. Одан әрі жарыс Халиуллин көшесі,  Шығыс айналма жолы,  Әл-Фараби даңғылы арқылы өрбиді.  Финалдық кезең Президенттік саябақ пен «Медеу» мұз айдыны арасында өтеді. Көлік қозғалысы 11:15-15:30 аралығында шектеледі. Қала тұрғындары мен қонақтарына осы уақыт аралығында Құлжа трактісі, Назарбаев даңғылы, Сейфуллин даңғылы және Жароков көшелерімен жүруге кеңес береді. Еске салсақ, Tour of Almaty-2019 жарысының көрермендерін автобус тегін тасымалдамақ. Тегін автобустар таңғы сағат 10:00-ден бастап Достық және Құрманғазы көшелерінің қиылысында тұрады. Соңғы автобус сағат 12:00-де жолға шығады. Автобустар 30 минут сайын немесе адам толған сәтте жолға шығатын болады. Тегін автоубстарды шанағына жапсырылған «Tour of Almaty» логотипі арқылы ажыраутға болады. Ал кешкісін 16:30-дан бастап шаттл-бастар көрермендерді Медеуден қалаға тасымалдайды. Жарыс күндері Достық даңғылының Медеуге апаратын тұсына автокөлік қоюға тыйым салынған. Сол себепті жеке көлікті Медеудің базалық стансасына қалдырған жөн.

Дереккөз: https://24.kz/

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close