Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Әшімбаев: вице-президент мәселесі Құрылтайдан кейін қаралады

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев вице-президент лауазымын енгізу мәселесі жаңа Құрылтай жасақталғаннан кейін қаралатынын айтты. Оның сөзінше, бұл рәсімдер Конституцияда нақты бекітілген және түпкілікті шешім Президенттің құзырында болады.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда вице-президент лауазымының қашан тағайындалатынына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеп хабарлады хабарлады.

Журналистер сауалына жауап берген ол вице-президент институтын енгізу мәселесі жаңа Парламент – Құрылтай жасақталғаннан кейін қарастырылатынын айтты. Оның сөзінше, жаңа Конституцияға сәйкес, вице-президентті Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды.

Әшімбаев бұл шешімдердің барлығы Конституцияда нақты көрсетілгенін атап өтіп, түпкілікті шешім Мемлекет басшысының құзырында екенін жеткізді.

Айта кетейік, вице-президент институты жаңа Конституцияда бекітілген. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл лауазымға қатысты шешім мен оның өкілеттіктерін айқындау құқығы Президентке тиесілі болатынын айтқан еді. Сондай-ақ 2026 жылғы 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енетіні, ал Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетіні хабарланған.

Back to top button