FlyArystan әуекомпаниясы Астана әуежайындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушыларға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеп.
Атап айтқанда, 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты әуеайлақ күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін уақытша жабық болады.
Соған қарамастан, әуежайдың жолаушылар терминалы мен барлық қызмет көрсету аймақтары әдеттегідей штаттық режимде жұмыс істей береді.
Әуе компаниясы жолаушылардан әуежайға ертерек келуді сұрайды, себебі тіркеу мен тексеру кезінде кезектер туындауы мүмкін:
- ішкі рейстер үшін кемінде ұшуға 2 сағат бұрын
- халықаралық рейстер үшін кемінде 3 сағат бұрын
Сондай-ақ, сапарды жоспарлау кезінде осы уақытша шектеулерді ескеруге кеңес беріледі.



