Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ата-анасынан көз жазып қалған қыз Аюсай шатқалынан табылды

Аюсай шатқалында ата-анасынан адасып қалған қызды құтқарушылар тауып алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алматы тауларында серуендеп жүрген отбасының қуанышын кенеттен үрей басты. Аюсай шатқалында ата-анасы 2019 жылы туған қызынан көз жазып қалған.

Баласының жанында жоқ екенін байқаған ата-ана бірден «112» нөміріне хабарласып, көмек сұраған.

Осы кезде шатқалды патрульдеп жүрген Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары іздеуге кірісті. Көп ұзамай мамандар қызды тауып, анасына аман-есен тапсырды.

Бала медициналық көмекті қажет етпеген.

Оқиға осылайша қуанышты аяқталды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button