Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Әулиекөлде студенттің “такси” ісі бойынша әкімшілік іс тоқтатылды

Әулиекөл аудандық соты ата-анасына көмектесу үшін тіркеусіз такси қызметін көрсеткен студентке қатысты істі қарады. Сот оның әлеуметтік жағдайын ескеріп, әкімшілік істі тоқтатып, ауызша ескерту жасады.

Әулиекөл аудандық соты ата-анасына дәрі-дәрмек алу үшін тіркеусіз такси қызметін көрсеткен студентке қатысты әкімшілік істі қарады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлады хабарлады.

Сот мәліметінше, 2026 жылғы 10 наурызда Әулиекөл ауылының тұрғыны тиісті рұқсатсыз және тіркеусіз “такси” қызметін көрсеткен.

Істі қарау барысында студент өз кінәсін мойындап, жағдайын ескеруді сұраған. Оның айтуынша, тұрақты табысы жоқ, ал асырауында мүгедектігі бар науқас ата-анасы бар. Анасы инсульт алып, ем-домға қаражат қажет болғандықтан, ол табыс табуға мәжбүр болған.

Сот істің мән-жайын, студенттің әлеуметтік және отбасылық жағдайын, сондай-ақ келтірілген елеулі зиянның болмауын ескере отырып, әкімшілік істі тоқтатты. Оған ауызша ескерту берілді.

Айта кетейік, бұған дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттердің жеке деректерінің таралуына байланысты жағдай тіркелген. Университет басшылығы деректердің таралу фактісін растап, ішкі тексеріс басталғанын хабарлады. Қазір прокуратура да тексеру жүргізіп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button