ЖаңалықтарШоу бизнес

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова партия қатарына өтті

Қазақстандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі атанды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Салтанатты рәсім барысында партия төрағасы Серік Егізбаев әншіге ресми партиялық билетті табыстап, сәттілік тіледі.

«Ауыл» партиясы елдегі агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу және қоғамдағы демократиялық өзгерістерді қолдау бағытында жұмыс істейді.

Саяси ұйым 2000 жылы құрылған.

Бүгінде партия құрамында 300 мыңнан астам адам бар.

Айта кетері, Мөлдір Әуелбекова көпшілікке әнші, актриса және тележүргізуші ретінде кеңінен танымал.

Ол өнер жолында «КешYou» тобының құрамында жарқырап көрініп, кейін жеке шығармашылығын табысты жалғастырды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button