БілімЖаңалықтар

Білім жүйесі қызметкерлері форумындағы Алматы әкімі баяндамасының мәтіні

Бүгін, 19 тамызда Алматыда білім жүйесі қызметкерлерінің форумы өтті. Бақытжан Сағынтаев мұғалімнің мәртебесін көтеру және оларға қолдау көрсету шаралары туралы айтты.

Қайырлы күн, ардақты ұстаздар, қадірлі қауым!

Жаңа оқу жылының алдында өздеріңізбен өзекті мәселелерді талқылайтын білім саласы қызметкерлерінің форумында бас қосып отырмыз.

Бүгінгі кездесудің күн тәртібіндегі мәселелер баршамызға білім берудің аса маңызды бағдарлары жөнінде жан-жақты пікір алмасуға, келешекте атқарылар мақсат-міндеттерді белсене саралап, бағамдауға мүмкіндік береді.

Мұндай ашық диалог алаңы – қаланың білім беру жүйесін сапалы деңгейге көтерудің, әрі бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырудың бірден-бір маңызды шарты.

Баршамыз үшін танымы мол тәрбиешінің, үлгі тұтатын ұстаздың орны қашанда бөлек.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, «Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз». Олай болса, Сіздер берген сапалы білім – жарқын болашақтың кепілі.

Кез келген адам әкім, министр бола алады, ал, бірақ кез-келген адам ұстаз бола алмайды.

Сондықтан да болар мынадай өлең шумақтары бекер шыққан жоқ:

«Ғалым да, шахтер де бас иетін

Ұстазым бар сенің қасиетің.

Шынында да ұстаздық ету үшін, қасиет керек.

Адамдықтың қасиетін (мейірбандылық, қайырмыдылық, тәрбие секілді), – даланың қасиетін (дархандылық, кеңпейіліділік), – бабаның қасиетін(отансүйгіштік, өз тамырын, мәдениетін және рухын қастерлеу) шәкірттің жүрегіне дән қылып егетін де ұстаз.

Біздің бұрынғы өткен жақсыларымыз: «Өмір теңіз болса, мұғалім оның маржаны», «Дүние дәрия болса, мұғалім оның қармағы», – деп бекер айтпаған.

Ардақты ұстаздар, Сіздерді санаулы күндерден кейін басталатын жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Қоғамның алға дамуы көзі ашық, көкірегі ояу, білімді азаматтардың көптігінде.

Білімді ұрпақтың көп болуы, мұғалімдердің маңдай тері мен еңбегінде жатыр.

Мемлекеттің қарқынды дамуы ұстаздардың білімі мен білігіне тікелей байланысты. Мұғалімнің сапалы білімінің астарында саналы ұрпақ, білікті маман, ұлтжанды азамат, белсенді қоғам, қайырымды халық, берекелі Ел жатыр.

Сіздер Мемлекеттің білімі мен тәрбиесінің бесігін тербетіп отырған қадірлі қауымсыздар!

Білімнен бөлек, ақпаратпен алысқан мына қоғамға ұстаздың тәрбиесі ауадай қажет. Өзгенің баласын өз баласындай тәрбиелеп отырған құрметті ұстаздар қауымы Сіздерге Алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Алаштың ардақты азаматы Әлихан Бөкейхановтың: «Ұлтқа қызмет білімнен емес, әуелі мінезден», – деген мінсіз сөзі бар.

Ұрпақтың мінезін қалыптастыруда бізге бүгінде дарынды ұстаздар керек!

Дарынды ұстаз – қасиеті мен білімінің арқасында шәкірттерінің жүрегін жаулаған, заманауи ілімді меңгерген кәсіби маман.

Қасиеттің астарында біліммен қоса сабыр, төзім, шыдам, үлкен мейірім мен рух жатыр.

Ұрпаққа білім беру, әрине, маңызды, дегенмен ұрпақ тәрбиесіне де көп көңіл бөлу қажет.

Өкінішке орай, қазіргі таңда ұрпақтың мінезі ұсақталып барады.

Сол себепті, бізге бүгінде мінезі ірі ұрпақ қажет, құрметті ұстаздар!

 

Толығырақ: https://www.almaty.gov.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close