Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Бразилияда серіктесін өлтірген әйел сотта толық ақталды

Бразилияда қызын қорғау үшін серіктесін өлтірді деп айыпталған әйел алқабилер шешімімен кінәсіз деп танылды. Қорғау тарапы оның әрекетін өзін-өзі қорғау деп дәлелдесе, бұл оқиға қоғамда қызу пікірталас тудырды.

Бразилияда серіктесін өлтірді деп айыпталған әйел сотта толық ақталды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі TMZ басылымына сілтеме жасап хабарлады.

36 жастағы Эрика Перейра да Силвейра Висенти алқабилердің шешімімен кісі өлтіру және мәйітті жасыру баптары бойынша кінәсіз деп танылды.

Қорғаушы тарап әйелдің әрекеті өз қызын қорғауға бағытталғанын алға тартты. Ал айыптаушылар бұл қылмыс алдын ала жоспарланған деп, оны жауапкершілікке тарту қажет екенін мәлімдеген.

Тергеу материалдарына сәйкес, Эрика 38 жастағы Эвертон Амаро да Силваның телефонынан өзінің 11 жастағы қызына арналған әдепсіз хабарламаларды көрген. Кейін ол ер адамды қызымен бірге болған кезде ұстап алған.

Осыдан кейін әйел оның сусынына клоназепам қосып, есінен танған сәтінде бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Кейін мәйітті басқа жерге апарып, денесін өртеген.

Алқабилер қорғау тарапының уәждерін негізді деп танып, 24 ақпанда әйелді толық ақтады. Ол сот үкімін күту барысында бір жыл қамауда болған.

Бұл оқиға Бразилияда қоғамда үлкен пікірталас туғызды.

Бұған дейін елде 19 жыл бірге тұрған ерлі-зайыптылардың шын мәнінде ағалы-қарындас екені анықталғаны туралы да хабарланған еді. Олар бала кезінен бөлек өскен, ал 2014 жылы анасын іздеу барысында туыстық байланыстары белгілі болған. Соған қарамастан, жұп бірге қалуға шешім қабылдаған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button