Қаржы және төлемдер

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі

Салық Кодексінің  160 б. 1 т. 3 тт. сәйкес БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдері ЖТС төлеу көзінен салық салынатын табысқа жатады.

Салық Кодексінің 158 бабының 1 т. сәйкес,  ЖТС мөлшері алушының зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табысынан 10 (он) пайыз құрайды.

Мыналарды қоспағанда, БЖЗҚ төлемдері түріндегі салық салынатын табыс салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде белгіленеді:

  1. Салық Кодексінің 156 бабында көзделген түзетулерді:

Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағының 13), 13-2) тармақшаларына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданылатын ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшері шегіндегі табысын түзетуге құқығы бар тұлғаларға:

  • Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлген адамдар;
  • 2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар;
  • 3) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
  • 4) I, II, III топтардағы мүгедектер;
  • 5) мүгедек бала;
  • 6) «мүгедек бала» деген санаттағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін – мұндай адамның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы;
  • 7) «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына – мұндай адамның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы;
  • 8) асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының біреуі жатады

Салық Кодексінің  156 бабының 1 тармағының 132) тармақшасының ережелері қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық білім беру ұйымдары, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынасында болуына байланысты қолданылмайды.

Егер Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдерін алушы жоғарыда аталған адамдар санаттарының біреуіне жататын болса, БЖЗҚ-қа:

  • жоғарыда көрсетілген шектерде осындай түзетудің мөлшерін көрсете отырып, салық салынуға жататын табыстарға түзетулерді қолдануға өтінішті ;
  • оларда түзетулерді қолдану үшін негіздерінің туындауы түзетулерді қолдану үшін негіздері туындаған немесе тоқтатылған салық кезеңдері кіретін күнтізбелік жылға сәйкес келетін растаушы құжаттардың көшірмелері және шолу үшін олардың тұпнұсқалары. Мұндайда, егер табыс салығы бойынша жеңілдікті растайтын құжаттар почта байланысы немесе сенім білдірілген адам арқылы БЖЗҚ-ға жіберілген болса, онда олар нотариалды куәландырылады.
  1. Салық Кодексінің 170 бабының 2 тармағында көзделген мөлшердегі салық салық шегерімдерін:

Бұл ретте БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан салық шегерімдеріне құқылы адамдарға, шегерім мынадай түрде жүргізіледі:

  • Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдерін алушыларға, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы жинақтарынан  зейнетақы шегерімі төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшінреспубликалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есебіне жазу күні қолданыста болатын ең төменгі бір жалақы мөлшерінде
  • зейнетақы төлемдерін алушылар – зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалар – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есебіне жазу күнi қолданыста болатын ең төменгi жалақының он екі еселенген мөлшерiнде айқындалады.

Зейнетақы төлемдеріне салық салу схемасы 

Төлем түрлері

Резидент

Бейрезидент

ЖТС мөлшерлемесі

Салық шегерімдері (жылдық көрсеткіш)*

Табыстарды түзету (годовой показатель)**

Салық шегерімдері*

Табыстарды түзету **

Жасы бойынша төлемдер

12ЖЕМ

75 ЖЕМ

10%

Жерлеуге арналған төлемдер

8 ЖЕМ

10%

Мүгедектік бойынша төлемдер

12ЖЕМ

75 ЖЕМ

10%

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуі бойынша төлемдер 

10%

Зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететін адамдарға бойынша төлемдер 

12 ЖЕМ

10%

Мұрагерлерге төлемдер

75 ЖЕМ

10%

Еңбек сіңірген жылдар бойынша төлемдер

12 ЖЕМ

75 ЖЕМ

10%

ЖЕМ – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жыл сайын бекітілетін  Жалақының ең төмен мөлшері

* Салық Кодексінің 170 бабының 2 т. 2) тт. сәйкес ең төменгi жалақының он екі еселенген мөлшерiнде жылдық салық шегерімі беріледі.

** Салық Кодексінің  156 б. 1 т. 13) тт., 13-2) тт. сәйкес, ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерінде табысты түзету қолданылады; жеңілдік болған жағдайда 75 ЖЕМ мөлшерінде табысты түзету, сондай-ақ, келтірілген схемаға сәйкес 12 ЖЕМ мөлшерінде салық шегерімі қолданылады. 

БЖЗҚ сайтында www.enpf.kz мекенжайы бойынша оларды БЖЗҚ-қа ұсыну әдісіне,  рәсімдеуге қойылатын талаптарға байланысты қажетті құжаттардың тізбелері, сондай-ақ өтініштердің бланкілері және төлем валютасына байланысты оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері, мемлекеттік органдардың түсіндірмелері орналастырылғаны туралы қосымша хабарлаймыз.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close