ӘлеуметЖаңалықтар

Covid қайта өршіді: Не істейміз?

Әлемде ковид қайта өршіді. Дәрігерлер бұл ауқымды үшінші толқын дегенді сан мәрте қайталауда. АҚШ, ЕУРОПА, Португалия, Нидерланд, Финляндия аталған мемлекеттерде науқастар саны күн сайын артып, тіптіөлім-жітім де тіркеле бастаған. ДДҰ мәліметінше, төрт апта ішінде әлемде вирус жұқтырудың 1 113 726 жағдайы және одан болған 8 700 өлім саны тіркелді. Ауруханаға жатқызылғандар саны 40 пайызға өсіп, 28 күнде 173 мыңнан асты, жансақтау бөлімшелеріне түскен науқастар саны 13 пайызға (барлығы 1,9 мыңға жуық) өсті. Ең өкініштісі, аты өшкір дерт Қазақстанды да айналып өтпеді.

2024 жылғы қаңтарда 2023 жылғы желтоқсанменсалыстырғанда желтоқсандағы 187 жағдайдан қаңтардағы 477 жағдайға дейін яғни 2,5 есе өсім байқалады, — деп хабарлайды еліміздің Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті.

2024 жылғы 26 қаңтардан 1 ақпанға дейінгі аптада республикада 144 жағдай КВИ тіркелді.Сырқаттанушылардың саны 26 адамға өскен. Жаңа жағдайлардың ең көп саны Алматы қаласына (37 жағ.) және Астана қ. (21 жағ.) тиесілі.

Әйтсе де министірлік тарапынан шектеу шараларын енгізу жоспарланбайды. Тек адамдар легі көп жиналатын үй жайларда, қоғамдық көлікте, медициналық ұйымдарға барған кезде, науқаспен байланыста болса, бетперде тағу ұсынылады.

Осы орайда (жаман айтпай, жақсы жоқ) санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің маска тағу, сақтанып жүру жөнінде ескертпесіне селқостық танытып, баяғы «таз» қалпымызға қайта келсек, қайтпекпіз деген сауал мазаламай қоймайды. Ендеше түйіткілді сауалдың түйінін тарқату мақсатында мамандардан пікір алып көрдік.

Серік Наметкул, дәрігер:

Дәл бұрынғыдай covid майданы келуі әбден мүмкін. Бірақ бізге денсаулық сақтау министрлігі алдын ала келер қауіпті ескертті, маска режимін енгізді. Ендеше «сақтансаң сақтайды» ұстанымын берік ұстанып, өз-өзімізді дерттен қорғап жүргеніміз ләзім. Және алда көктем келе жатыр. Көктем мезгілінде адамдардың иммунитеті төмендеп, ағзадағы дәрумендері сарқыла бастайды. Сәйкесінше, дерттің ағзаға бойлауына жол ашуымыз мүмкін. Сондықтан бұл мезгілге ертерек қамданған жөн. Жетпейтін дәрумендерді толықтыру керек.

Егер аурудың енді-енді белгілері байқалса, парацетомол дәрісін қолдану керек. Қазір ковидке қарсы вирусқа қарсы дәрілер ацикловир, гроприносин, қан суйылтатын препараттардан клексан,фраксипарин,антибиотиктен цеф3. Цеф4. Цефамед секілді уколдар,витаминнен аскарбинка+ натрий хлорид 0.9, учеттатуратындарга милдронат, қосымша ауруларына байланысты қосымша дәрілерді системаларды саламыз. Сондай-ақ, сұйықтықты көп ішсе ауру тері арқылы, зәр арқылы тез шығып кетеді. Ал 2-3 күнде денсаулық жағдайы өзгермесе, дереу жедел-жәрдем шақырған жөн. Себебі біз өз бетімізбен емделеміз деп тыраштанып жүргенде дерт өкпені жалмап, вирустық пневмония, жіті респираторлық дистресс-синдромға, тіпті өлімге әкеп соқтыруы ықтимал.

Орынбасар Нұрланбекұлы, интерн дәрігер:

Коронавирус өткен уақытта қалғандықтан біздің санамызға енсеріп тастағандай сезім орнауы мүмкін.. Десе де бұл дерт қайта айналып келе береді. Қазір қыс мезгілі, қар жауып, вирустар өліп жатқан жайы бар. Бірақ қауіптенетін мезгіл әлі алда. Егер бойыңыздан әлсіздік, тамақтың ауруы, температураның көтерілуі, құрғақ жөтел белгілерін байқасаңыз, немқұрайлық танытуға болмайды. Дереу ауруханаға баруыңыз керек. Егер тіпті қыстығып жөтеліп, күннен күнге жағдайыңыз нашарлай берсе, магниттік резонанстық томографияға да түсіп көру керек. Вирус ауада 3 сағатқа дейін өміршеңдігін сақтау қабілетіне ие. Қазір үшінші толқын деп шошынып жатырмыз ғой. Ғалымдар төртінші толқынның да болу ықтималдылығы жоғары деген. Әйткенмен ковид бұрынғыдай жұмбақ вирус емес. Емделу жолдары бар. Дәрігерлеріміз бұл дертпен күресу жолында тәжірибелі. Ең бастысы науқастарымыз ауруды өршітіп алмай, уақытында дәрігерге көрінуі керек.

Аяжан Досжан, терапевт:

Covid – ауа тамшылары арқылы жұғады. Яғни бір үлкен аудиторияда covid-ке шалдыққан бір адам болса, басқалары да ауруы әбден мүмкін. Бірақ бәрі иммунитетке байланысты. Жалпы бұл дертке шалдыққан жағдайда адамдар қарапайым тұмау екен деп өз-өздеріне ем тағайындап, антибиотик қолданып жатады. Бұл – дұрыс емес. Антибиотиктер ағзадағы вирустарды өлтіргенімен оған қосымша дөп келетін басқа да емдерді бірге қабылдау керек. Соvid екені анықталса, күштірек антибиотиктер керек болуы мүмкін. Және оның арнайы дозасы болады. Ол үшін әрине, дәрігердің кеңесі керек. Алайда «ауырым ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген жөн». Маска режимін қатаң ұстанып, тіпті масканы медициналық спиртке шылап алып, тағу ұсынамын. Және covid қанды қойылтады. Менің тәжірибемде коронавирус болып басталып, жүрегі тоқтап қалатын жағдайлар көп кездесті. Сондықтан қанды сұйылтатын дәрілерді ішіп жүру керек. Сондай-ақ, мүмкіндік болса, саумал мен шұбатты ішіп тұруға да кеңес берер едім.

Мақпал Елібаева, гирудо терапевт:

Адамдар суық су ішіп, балмұздақ жеп, салқындатылған душ қабылдап не суық жерде отырып қалса, тамағы ауырып, ыстығы көтерілуі мүмкін. Ағзаға осылайша суық түсу – қазіргі covid-тің өршіп тұрған шағында өміріңді қатерге тігумен пара-пар дүние. Сондықтан суықтап қалмай,  үйдегі инфекцияларды адыраспан секілді киелі өсімдікті тұтату арқылы өлтіріп, терезені жиі ашып тұру керек. Және антисептиктерді қайтадан қолданып бастау керек. Алдын алу үшін саумал ішіп тұрған да пайдалы. Бірақ саумалды қан қысымы төмен адамдарға ішуге тыйым салынады. Ал алғашқы белгілерін байқаған жағдайда менің кеңесім дереу дәрігерге жүгіну.  Не болмаса, дәруменге бай сорпа, күніне 2 литрдей су, ыстық сүтке сарымсақты үккіштен өткізіп, бал қосып ішу – белгілі бір деңгейде нәтижесін береді. Алайда ДДСҰ өз-өзін емдеу – толық нәтиже бермейтінін айтқан. Ең дұрысы бәрі кеш болмағанда ауруханаға жату. Осы орайда covid-тің асқынған белгілерін де қоса кетейін: ентігу, қақырықтың көбейуі, қан түкіру, жөтелдің жиілеуі.

Ақгүл АЙДАРБЕКҚЫЗЫ

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close