Жаңалықтар

Елімізде мопед айдайтындарға жүргізуші куәлігін алу міндеттелмек

 

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеханың айтуынша, мопедті айдау үшін А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу және 16 жастан асу керек. Осыдан кейін мопедтердің бәрін тіркеп, есепке қоямыз дейді. 

“Мопед жүргізушілерін анықтау қиын. Олар да соған үйреніп алған – ешкім танымайды, тіркемейді, ұстамайды. Егер автокөлік жүргізушісі мас күйде ұсталса біз оны 7 жыл көлік айдау құқығынан айырамыз. Жүргізуші куәлігінен айырылғандардың көбі мопедке “отырады”, себебі оларға қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін тек 5 АЕК айыппұл салынады – болды”, – деді Игорь Лепеха. 

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close