Жаңалықтар

ЕЛОРДАДА АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАН ӨТІП ЖАТЫР

Елордада 13 сәуірден бері «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық науқаны өтіп жатыр. Бұл апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналды. Апталық шеңберінде Мәдени мұра нысандары мен ескерткіштерді, іргелес аулаларды тазалау және ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сенбілікке оқушылар мен студенттер, мәдениет қайраткерлері, спортшылар, «Жас сарбаз» патриоттық қозғалысының мүшелері мен Ауған соғысының ардагерлері және мемлекеттік қызметкерлер қатысуда.  Бейсенғали Аханов, «ГКӘТ» және «ВКШӘТ» ардагерлер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі: — Бүгін біз ардагерлер қоғамы кеңес уақытында шет елдерде әскери борышын өтеген азаматтар, ардагерлер бүгінгі қаланың, әкімшіліктің ұйымдастыруымен, ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен сенбілікке қатысып отырмыз.

Астанада 50-ге жуық тарихи және мәдени ескерткіш пен 33 ғимарат бар. Тарихы терең нысандардың аумағын абаттандыру бойынша елордада 40-тан астам іс-шара жоспарланған.

Данияр Ерсұлтан, волонтер: — Біз мына бүгінгі «Таза Қазақстан» саясатына орай тазалықты сақтау үшін достарыммен бірге сенбілікке шықтым.

Айжан Тенелбай, волонтер: — Біз қаламыздың ішіндегі аулаларды, саябақтарды тазалау іс-шараларын жүргізіп жатырмыз. Акцияға студент достарымды шақырамын. Экоакцияға театр және кино әртістері, эстрада мен медиа сала өкілдері қатысады. Олар Жазушылар аллеясын, Керей мен Жәнібек, Қаныш Сәтбаев, Асқар Забикулин ескерткіштері маңын ретке келтіреді. 20-27 сәуір аралығында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызуға, тал түптерін ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталады. Бұл аптада ардагерлердің аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтары көгалдандырылады. Ал «Мөлдір бұлақ» апталығында су айдындары қоқыстан тазартылады.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close