Әлем жаңалықтарыӘлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастық күшейіп келеді

Олжас Бектенов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, инвестиция тарту, сондай-ақ цифрландыру, жасанды интеллект және ғарыш салаларындағы әріптестікті кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестіктің тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен кездесу өткізді. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ цифрландыру, жасанды интеллект және ғарыш салаларындағы бірлескен жобаларды дамыту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Олжас Бектенов Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 3 млрд АҚШ долларына жетсе, 2026 жылдың алғашқы екі айында бұл көрсеткіш 487 млн долларды құрады.

Сонымен қатар, АҚШ Қазақстан экономикасындағы негізгі стратегиялық инвесторлардың бірі ретінде бағаланды. Қазіргі таңда елімізде америкалық капиталдың қатысуымен 600-ден астам компания жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: 24.kz.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button