Жаңалықтар

Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатылмауы мүмкін

 

Сенат кулуарында денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда 21 жасқа толмаған тұлғаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу жоспарын растады.

Алғаш рет мұндай ұсынысты былтыр Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған Ажар Ғиният айтқан болатын. Ол 21 жасқа дейінгілерге энергетикалық сусындарға тыйым салуды жастардың денсаулығына зиян деп түсіндірді.

Бүгін денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мұндай тыйымды енгізу жоспарынан бас тартпағанын растады. «Энергетикалық сусындар әсіресе өскелең ұрпақ үшін зиянды, осыған байланысты 21 жасқа толмаған тұлғаларға шектеу (сатылым – авт. еск.) енгізіледі. Бұдан бөлек, біз вендинг аппараттарында сатуға және жарнамаға тыйым салу нормасын қолдап жатырмыз», — деді спикер.

Сұлтанғазиев алдағы уақытта Қазақстанда энергетикалық сусындарға, сондай-ақ құрамында қант бар өнімдерге салықты көтеруді де жоспарланғанын айтты.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close