ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Қазақстанда алимент қоры құрылуы мүмкін

Қазақстанда алимент қорын құру мүмкіндігі қарастырылады. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатындағы Үкімет сағатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова ажырасқан әйелдердің балаларына арналған алименттер қорын құру мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берді.

«Бұл мәселені Әділет министрлігі қарастырып жатқанын білемін. Мен мұны ұсыныс ретінде қабылдап, құқық қорғау блогымен және Әділет министрлігімен бірге зерттеп, қосымша ақпарат берейін», — деді Тамара Дүйсенова Сенат қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ вице-премьер аталған мәселені зерттеуге уәде берді.

«Белітінім, белгілі бір топ бұл сұрақпен айналысты. Бірақ олар қандай мәмілеге келді, нақты немен айналысқаны туралы қазір жауап бере алмаймын. Сондықтан мен олардың немен айналысқанын нақтылауым керек. Әлемде мұндай тәжірибе бар, оны зерттеп, біздің еліміз үшін қаншалықты тиімді екенін көру керек», — дейді ол.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close