Жаңалықтар

Қазақстанда азық-түліктің кейбір түрі арзандайды

Еуразиялық экономикалық комиссия көкөніс пен жұмыртқа бағасы төмендейтінін айтты. Шығыс Қазақстан облысының тұрақтандыру қорындағы көкөніс 20%, жұмыртқа 16%-ке арзандаған.

Өйткені фермерлер былтырғы көкөністі сатуға шығарды. Ал құс өсірушілер көктем-жаз кезінде өндіріс көлемін ұлғайта түседі.

Бұрын көктемде әлеуметтік павильондардағы көкөністің сапасы нашар болатын. Себебі дүңгіршек сөрелеріне былтырғы өнім қойлатын. Қазір мұндай мәселе жоқ. Өйткені өнімнің барлығы арнайы қоймаларда сақталады. Құндыз Саданова, қала тұрғыны: – Қызанақ, қияр, керекті нәрсенің бәрін аламыз. Барлығын осы дүкеннен аламыз. Басқа дүкендерде бізде қымбат.

Осында келеміз. Осындай киосктер тағы да болса. Дмитрий Машкин, кәсіпкер: – Қырыққабат, пияздың бағасы төмендеді. Бәрінің сапасы жақсы. Халық үзілмейді, күні бойы келіп алады. Көтерме-тарату орталығындағы заманауи қоймаларда көкөніс ұзақ сақталады.

Мәселен, картопты климаттық бақылауы бар, арнайы жарықтандыру жүйесі орнатылған бөлмеде сақтайды. Денис Холдин, қалалық көтерме-тарату орталығының бас технологы: – Картопты сақтаудың да талаптары бар. Өйткені ол өзінен СО2 газын бөледі. Мұны арнайы датчиктер сезіп, бөлмені желдетеді. Осылай өнімнің балғындығын сақтауға болады. Көкөністі сақтау үшін ауданы 19 мың шаршы метрден асатын 2 қойма салынды.

Дегенмен өңірде ет сақтайтын жер жоқ. Сондықтан өнімнің бағасы әлі шарықтап тұр. Ал жұмыртқа арзандайды. 2023 жылы шағын кәсіп иелері 80 мыңнан астам жұмыртқа өндірді. Бүгінде еліміз бойынша 32 құс фабрикасы бар. Инабат Қайсанова, облыстық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ресми өкілі: – Алтай көтерме-тарату орталығы ашылғаннан кейін, біз ойлап отырмыз, бұған дейін 11 азық-түлік бағасын тұрақтандырып келсек, алдағы уақытта 19, яғни толық тізім бойынша тауарлардың бағасын тұрақтандыру мүмкін болады.

Ет, сүт өнімдері бағасының тұрақтандырылмауының себебі Алтай сияқты орталықтардың жоқтығынан болатын. Алдағы уақытта көтерме сауда орындары ашылса, делдалдар азаяды, – дейді мамандар. Қазір еліміздегі 100-ден астам көкөніс қоймасы жеке кәсіпкерлерге тиесілі.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close