Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстанда түлектерге арналған жасанды интеллект курсы басталды

Maqsut Narikbayev University өз түлектеріне арналған тегін жасанды интеллект курсын іске қосты. Екі күндік бағдарлама аясында қатысушылар заманауи цифрлық дағдыларды меңгеріп, арнайы сертификат алады. Жобаға қызығушылық жоғары болып, мыңнан астам өтініш түскен.

 Maqsut Narikbayev University өз түлектеріне арналған жасанды интеллект бойынша арнайы тегін курс іске қосты. Бағдарлама аясында қатысушылар қысқа мерзім ішінде заманауи цифрлық дағдыларды меңгеріп, курс соңында сертификат алады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Оқыту небәрі екі күнге жоспарланған және тәжірибелі мамандар түрлі сала өкілдеріне қажетті практикалық білім береді. Жобаға қызығушылық жоғары: қазіргі таңда мыңнан астам түлектен өтініш түссе, алғашқы лекке 50 адам қабылданды. Ал алғашқы кезеңде жалпы 300 түлекті қамту көзделіп отыр.

Динара Щеглова бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, жасанды интеллект пен цифрландыру қазіргі заман мамандары үшін негізгі дағдыға айналғанын айтты. Өз кезегінде, университеттің бизнес мектебі өкілдері ЖИ-ді жаңа экономиканың және білім берудің «тілі» ретінде сипаттады.

Айта кетейік, бұл жоба Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында жүзеге асырылып отыр.

Дереккөз: 24.kz.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button