Жаңалықтар

Қазақстандағы су тасқыны: өңірлердегі жағдай қандай?

ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қалған су басқан аула аумақтарынан су сору жұмыстары жалғастырылып жатыр. 104 870 текше метр су сорылды.

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Индер ауданының Индербор кентінде, Махамбет ауданының Жалғансай ауылында су басқан аумақтардан 137 823 текше метр су сорылды. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылып жатқаны айтылды.

«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 3 300 қапшық төселді. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылып жатыр.

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қоянды ауылында ұзақ уақыт жауған жаңбырдың салдарынан екі жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағын су басты. Өткен тәулікте 5 620 текше метр су сорылды. Үйлерден судың бағыты бұрылды, су сорылды, аула аумақтарында жұмысар жалғастырылуда», – делінген хабарламада.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close