Жаңалықтар

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын», – делінген сейсенбідегі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Нұрымбетов 2017 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан кәсіподақ федерациясы төрағасының бірінші орынбасары, 2017 жылдың қаңтар-қарашасы аралығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, 2015-2017 жылдары денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған.
Еске салсақ, бұған дейін ЕХӘҚМ болған Бердібек Сапарбаев Қазақстан вице-премьері болып тағайындалды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close