Жаңалықтар
«Қызды «жат-жұрттық» деп жақындатпау – фашизм» – Дина Төлепберген
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen
Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген қыз бала, әйел туралы қоғамдағы көзқарасқа қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның пайымдауынша, ата-анасы қызын «жат-жұрттық» емес, «жаным» десе жөн болады.
«Әйелді ұру – қылмыс. Бұл бос ұран емес, бұл енді заң. Біз «қыз – жат-жұрттық деген ойдан жиренуіміз керек. Өз бауырыңнан шығып, тоғыз ай көтерген перзентіңді қыз болғаны үшін «жат» деп жақындатпау – фашизм. Мен әрбір ата-ананың өз қызын жат емес, жаным дегенін қалаймын.
«Ұлдың мұрасы өзімізде қалады, қыздың мұрасы құдаларға барады» деп ойлау қате! Ұл өз пәтеріне өзі ақша тапса, ұтылмайды. Ал қыз үшін бұл – қауіпсіздік алғышарты», – деп ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.