LRT желісі жақын айларда толық іске қосылатынын айтып отыр. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Сарапшының айтуынша қазірдің өзінде LRT желісінің маңындағы пәтерлерге сұраныс айтарлықтай артқан.
— Сатып алушылар да, жалға алушылар да LRT желісінің маңындағы аудандарды алдын ала қарастырып жатыр. Олар көлік қолжетімділігі жақсарып, іске қосылғаннан кейін жылжымайтын мүлік құны өседі деп үміттенеді. Әсіресе болашақ бекеттердің маңында сұраныс соңғы бір-екі жылмен салыстырғанда жоғары болып тұр, — дейді Динара Жайлыбаева.
Маман мысал ретінде «Сығанақ» бекетінің маңындағы баға динамикасын келтірді. Мәселен Сығанақ көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы «Поколение бизнес» тұрғын үй кешенінде орналасқан 2 бөлмелі пәтердің орташа бағасы шамамен 47 миллионнан 55 милионға өскенін айтқан.
Сарапшының айтуынша, жеңіл рельсті көлікті (LRT) сынақтан өткізу барысында оның шу деңгейі тұрғындарға айтарлықтай әсер етпейтіні анықталған. Бұл фактор сатып алушылардың қызығушылығына кері ықпал етпей отыр.
Маманның пікірінше, LRT желісі өтетін аудандарда жылжымайтын мүлік бағасы өсуі ықтимал. Себебі көлік инфрақұрылымының дамуы әрқашан белгілі бір аумақтың тартымдылығын арттырады. Шуға қатысты алаңдаушылық төмен, сондықтан ол нарыққа елеулі әсер етпейді. Керісінше, кейбір пәтер иелері бағаның әрі қарай өсетінін күтіп, сатылымды әдейі кейінге қалдыруда.
Сарапшы Динара Жайлыбаеваның сөзінше, қазіргі таңда нарық болашақтағы баға өсімін ішінара ескеріп қойған. Егер сұраныс сақталса, LRT толық іске қосылғаннан кейін тұрғын үй бағасы қосымша 10–20 пайызға өсуі мүмкін. Оның айтуынша, желтоқсан айында сатылған бір тұрғын үй кешеніндегі пәтер бағасы қазір екі есеге жуық қымбаттаған. Бұл LRT маңында тұрудың тиімді екенін көрсетеді.
Айта кетейік, жеңіл рельсті көлік жүйесінің тестілеуі 29 қыркүйектен бері жүргізілуде. Жобаны жақын арада толық іске қосу жоспарланған. Бұған дейін пойыздардың жылдамдығы сағатына 40–50 шақырым болатыны хабарланған.
Бекеттер арасындағы жол жүру уақыты 1,5–3 минутты құрайды. Ал «Әуежай» станциясынан «Нұрлы жолға» дейінгі 18 бекетті шамамен 40 минутта жүріп өтуге болады. Жол ақысы шамамен 200 теңге болуы мүмкін.
Толығырақ Kazinform.kz.



