ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер
Не себепті балалар Ұлттық қордан үкімет уәде еткен соманың үштен бірін аз алды
Вице-министр Тамара Дүйсенованың сөзінше, бұл еліміздегі демографиялық жарылыспен байланысты. Алғашында әр балаға берілетін ақшаны есептегенде, сарапшылар елімізде мұншалықты көп бала дүниеге келеді деп ойламаған.
«Инвестициялық кірістің 50% деп айтылды. Бұл жерде бізде инвестициялық кірісті балалардың санына бөлеміз. Аллаға шүкір, балалар көбейіп жатыр. Қаржы министрлігі былтыр мамыр айында есептеген еді. Мөлшермен айтқанда осындай сума болатын шығар деп айтты. Біз Ұлттық қордағы ақшаны бөліп беріп қарап отыруымыз керек пе? Біз байлығымызды азаматтар арасында бөліп беруді бастап жатырмыз. Бірінші балалардан бастадық. Ұлттық қордың кірісі, жинақтың кірісіне қатысты экономистеріміз жұмыс істеп жатыр. Сондықтан үмітімізді үзбейік!», – деді ол.