Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Несиелеу тоқтатылмайды: шешімді тек банктер қабылдайды

Қазақстанда әлеуметтік желілерде тараған «несиеге қолжетімділік жабылады» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы ресми мәлімдеді.

Орталықтың хабарлауынша, несиелеу туралы шешімді тек екінші деңгейлі банктер қабылдайды.

Әрбір өтінім қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қарай жеке қаралады.

«Әлеуметтік желілерде «несиеге қолжетімділікті жабу» туралы хабарламалар белсенді таралуда. Бұл шындыққа жанаспайды, өйткені несиелеу туралы шешімдерді банктер қарыз алушының төлем қабілеттілігін тексеріп барып қабылдайды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Банкі тарапынан енгізілетін реттеу шаралары қолданыстағы нормативтер арқылы жүзеге асады.

Атап айтқанда, борыштық жүктеме коэффициентіне қатысты 0,5 шекті мән мәселесі әзірге талқылау кезеңінде. Яғни, бұл көрсеткіштің нақты бекітілген деңгейі жоқ.

Мамандардың айтуынша, қаржы нарығындағы кез келген өзгерістер кезең-кезеңімен енгізіліп, ресми түсіндірмелермен бірге жарияланады.

Ал әлеуметтік желілердегі дабыл тудыратын мәлімдемелер көбіне манипуляцияға негізделген.

«Мұндай жарияланымдар көбінесе дүрбелең туғызуға және күмәнді ақылы қызметтерді жарнамалауға бағытталған», – деп ескертті орталық.

Осыған байланысты қазақстандықтарға тек ресми дереккөздерге сену, күмәнді сілтемелерге өтпеу және жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеу ұсынылады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button