Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Нұрай ісі: күдіктіге қатысты іс сотқа жіберіледі

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Нұрайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктінің жағдайына түсініктеме берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Министрлік мәліметінше, күдіктіге екі мәрте сот-психиатриялық сараптама жүргізілген.

Оның нәтижесінде психикалық бұзылыстар анықталып, азамат мамандандырылған медициналық мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілген.

Бұған дейін Шымкент қаласының полиция департаменті күдіктінің психиатриялық клиникаға жатқызылғанын хабарлаған болатын.

Бауыржан Әленовтің айтуынша, қазіргі уақытта іс бойынша қосымша сараптамалар жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында күдіктінің ақыл-есінің дұрыстығы толық тексеріледі.

«Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданады. Күдікті заң аясында жауапқа тартылады», – деді ол.

Сондай-ақ, вице-министр сараптамалық тексерулер шамамен бір ай ішінде аяқталатынын атап өтті.

Нәтижелері дайын болған соң, іс материалдары сот қарауына жіберіледі.

Back to top button