Спорт

Нұрмұхаммед Жайлыбай әлем чемпионатында тарихи қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық семсерлесуші жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль иеленді. Бұл – Қазақстан тарихындағы осы санаттағы жеке сайыстағы алғашқы жүлде.

Қазақстандық семсерлесуші Нұрмұхаммед Жайлыбай Бразилияда өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қылыш сайысынан қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, бұл – Қазақстан үшін осы жас санатындағы әлем чемпионатының жеке жарыстарындағы алғашқы медаль.

Жарыс барысында спортшы бірқатар мықты қарсыластарды жеңді. Ол 1/64 финалда сенегалдық Тиам Кодэні 15:9 есебімен ұтса, кейін венгриялық Даниэль Беркезчиді 15:6 есебімен жеңді. 1/16 кезеңінде жапониялық Мотоки Кавахарадан 15:11 есебімен басым түсті. Одан кейінгі кездесулерде Ярослав Борисовты 15:14, ал ширек финалда америкалық Патурзо Гонсалесті 15:13 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Фуркан Яман қарсыласымен тартысты жекпе-жек өткізіп, 13:15 есебімен есе жіберді. Соған қарамастан, ол тарихи қола медальға қол жеткізді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button