Жаңалықтар

ОЙЫЛ АУДАНЫНДА ҚАЛҚЫМАЛЫ КӨПІР ОРНАТЫЛАДЫ

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында уақытша қалқымалы көпір орнатылатын болды.

Бұл туралы бүгін республикалық штаб отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты. Топан су асфальт жолын шайғандықтан өңірдің 15 мың тұрғыны облыс орталығынан оқшау қалып, көлік қатынасы қиындаған еді. Қорғаныс министрлігіне тиесілі инженерлік құрылғы Алматы облысынан жеткізіледі. Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі: — Бұл көлік қатынасы мәселесін уақытша шешу жолы. Тұрғындар азық-түлік және дәрі-дәрмек сияқты қажетті тауарлармен дер кезінде қамтамассыз етіледі.

Жол жөнделгенше осы көпірді пайдаланады. Жалпы еліміздің 6 облысында жағдай әлі де болса күрделі. 1300-ден астам баспана суға кеткен. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев тілсіз жаудан зардап шеккен әрбір ауылға қажетті азық-түлік пен өзге де бұйымдарды жеткізу ұйымдастырылғанын айтты. Ал қатерлі аймақтардан адамдарды эвакуациялау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қанат Бозымбаев ел төңірегінде су тасқынының беті қайта қоймағанын айтып, Шығыс пен Солтүстік Қазақстан облыстарына дайындықты күшейту керектігін ескертті. Қанат Бозымбаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары: — Таяуда елімізде жауын-шашын болып, ауа-райы күрт жылынып кетуі мүмкін, бұл әсіресе орталық және солтүстік Қазақстанда қардың жылдам еруіне түрткі болады. Сәйкесінше өзен-көлдер толып, елді мекендерге қауіп төнуі мүмкін. Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктері қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close