ҚР азаматтығын алу
Оралмандардың ҚР құқықтары мен міндеттері
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері келесіге құқылы:
- Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен алу.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері;
- қолдағы құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тегінің қазақ тілінде дұрыстап жазылуы;
- заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру.
- қызметтік немесе жеке тұрғын үй болмаған жағдайда оралмандардың бейімделу және интеграция орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында уақытша бір жылдан аспайтын мерзімге тіркеуге тұру.
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің міндеттері:
- Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесін беру туралы олардың өтініштерін қарау және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін қажетті шынайы мәліметтер ұсыну;
- денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық тексеруден өту, екпелерді алуға, емдеу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындау;
- оралмандардың бейімделу және интеграция орталықтарына жолдама алған кезде онда үш күнтізбелік күнге көшуге және көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген болу кезеңі аяқталғаннан кейін берілген үй-жайды босату;
- уақытша орналастыру орталықтарында және оралмандардың бейімделу және интеграция орталықтарында болудың белгіленген тәртібін сақтау.