Жаңалықтар

Отбасындағы тирандар қолынан тағы 69 әйел мен жеті бала қаза тапты

 

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева былтыр елде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел мен жеті бала қайтыс болғанын мәлімдеді.

Балалар мен әйелдердің құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы заң жобасының тұсаукесері кезінде Закиева тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаларға қатысты жасалған қылмыстар бүгінгі таңда қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі екенін айтты.

«Өткен жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 99 мың өтініш келіп түсті. Балаларға қарсы 24 52 қылмыс жасалды, 69 әйел мен жеті бала тұрмыстық зорлық — зомбылықтан қаза тапты», — деді ол.

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова заң жобасының жаңалығын айта келе, заң нормаларымен 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға 200 сағатқа дейін тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жазамен денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қалпына келтіріліп жатқанын атап өтті.

«Ұрып-соғу үшін 80 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде немесе қоғамдық жұмыстарға 80 сағатқа дейін тарту арқылы жаза көзделеді», — деп атап өтті депутат.

Сондай-ақ, жаңа заңның нормаларымен кәмелетке толмаған адамды азаптағаны, денсаулығына ауыр және орташа зиян келтіргені үшін қылмыстық жазаны қатаңдату жоспарлануда.

«Жалпы, бұл еліміздің барлық азаматтарының денсаулығына қатысты. Заң жобасының басты мақсаты – денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті 3 жылдан 5 жылға дейін қатаңдату», — деді Сүлейменова.

Сондай-ақ, жаңа заңда депутаттар жас баланы өлтіргені немесе педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруды жоспарлап отыр.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close