Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Өзбекстан Қазақстанға тарихи архив құжаттарын табыстады

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаев-қа Түркістандағы тарихи нысандарға қатысты құнды архив материалдарын тапсырды. Құжаттардың басым бөлігі бұрын ғылыми айналымға енбеген және тарихи маңызы жоғары.

Бұхара қаласында өткен бейресми кездесу барысында Шавкат Мирзиёев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев-қа тарихи архив материалдарын табыстады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған Qandastar.kz хабарлады.

Берілген материалдар қатарында Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мен Рәбия Сұлтан бегім кесенелеріне қатысты 1920–1950 жылдары Өзбекстан аумағында жиналған құжаттар, сызбалар және фотосуреттер бар.

Мамандардың айтуынша, бұл деректердің басым бөлігі бұрын ғылыми айналымға енбеген және тарихи-мәдени тұрғыдан аса маңызды болып саналады.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барып, Шавкат Мирзиёев-пен бейресми кездесу өткізді. Кездесу барысында өзге де өзекті мәселелер, соның ішінде Алматы қаласындағы экологиялық ахуал да талқыланды.

Back to top button