Жаңалықтар

Ресейдегі терактіге қатысты соңғы ақпараттар:

 

Алдын ала мәлімет бойынша Crocus City Hall-дағы теракттен көз жұмғандар саны 62 адамға жетті. Құрбандар саны артуы мүмкін, себебі ғимарат толығымен тексерілмеген.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ресейдегі теракт кезінде көз жұмған немесе жарақат алған қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

Алдағы уақытта Владимир Путин Crocus City Hall-да болған терактке қатысты Ресей халқына үндеу жасайды.

Украина қанды қырғынға қатысы жоқ екенін хабарлады. Бұл туралы Владимир Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк өз Telegram-арнасында айтты.

Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Crocus City Hall-дағы өрттің оқшауланғанын хабарлады. Бұған дейін қызыл жалын 12,9 мың шаршы метрді шарпығаны айтылған еді.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close