ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер
Шамамен 700 әке балаларына 2 миллиард теңге берешек
Жалпы алғанда 700-дей әке балаларына 2 миллиард теңге берешек. Олар осы ақша үшін мекенжайын өзгертіп, ешбір жерде тіркеуге тұрмай жалтарып жүр.
Осы қаржыны өндіру мақсатында алимент төлемей жүргендер мен пробация қызметінің тізіміндегі азаматтар үшін еңбек жәрмеңкесі өткізілді. Оларға 2 мыңға тарта жұмыс орны ұсынылды. Жұмыстан бас тартқандар жазаға тартылады.