Жаңалықтар

Шерзат ісі: Айыпталушы жалған айғақ бергенін мойындады

Талғар ауданында қаралы жағдайға себеп болған атышулы іс бойынша өтіп жатқан сот процесінде айыпталушы Азамат Тоқтаубаев бұрынғы берген жауабының жалған болғанын мәлімдеді. Бұл туралы сот отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды qandastar.kz cайты Skifnews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Сотта «Қамажай» дүкені алдындағы бейнебақылау жазбасы көрсетіліп, оқиғаның барысы қайта талданды. Прокурор Тоқтаубаевтан бұған дейін Дархан Әскентайға қатысты айтқан сөздерінің не себепті өзгергенін сұрады.

Айыпталушының айтуынша, ол бұған дейінгі жауаптарында Әскентайға ашуланып, оған қатысты теріс пікір білдірген.

«Дархан бұл іске мүлде қатысқан жоқ. Қолында қару болмаған, ешкімге шабуыл жасағанын да көрмедім. Өтірік айғақ беріп қойдым, енді өкінемін», – деді Тоқтаубаев.

Сонымен қатар, ол оқиға орнында болған марқұм Шерзаттың достарын Дарханның таныстары деп шатастырғанын айтты.

Сот процесі әлі де жалғасып жатыр. Бұл мәліметтер іс бойынша кінәлілердің кім екенін нақтылауға әсер етуі мүмкін.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close