Жаңалықтар

СУ ДЕҢГЕЙІ ТҮСЕ БАСТАДЫ

Бұған Қаратомар қоймасынан жіберілетін судың көлемі секундына 1100 текшеметрге дейін азайтылуы себеп. Осылайша табиғи апаттың белсенді кезеңі аяқталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтты.

Қазір өңірде материалдық шығындарды есептеу үшін комиссия жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда 587 отбасы 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлемін алған. Аймақта қауіпсіздік шараларын нығайту мен қызыл судың салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Арман Әбенов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары: — Бүгінгі таңда облыс бойынша су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды. Негізгі су қоймаларында біз біртіндеп су ағызуды төмендете бастадық. Жоғары Тобыл, Желқуар су қоймалары бойынша су ағызудың төмендеуі байқалады. Мұның сыртында өзендердегі су деңгейі де төмендеп келеді. Тобыл өзенінің бас жағында 71 смге, ал Еділ өзенінде 91 смге түскені тіркелді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close