Жаңалықтар
Танымал ғалым «шпиондық» күдікпен қамауға алынды
Танымал қытайтанушы ғалым Константин Сыроежкинді Қазақстанның арнайы қызметі «шпиондық жасады» деген күдікпен қамауға алды. Бұл туралы CentrAsia хабарлайды.
«Қазақстандық арнайы қызмет белгілі саясаттанушы К.Л. Сыроежкинді тұтқындады. Қазақстанда көптен бері жұмыс істеп жүрген К.Л. Сыроежкин Қытай жөніндегі жетекші маман болып саналады. Президент К.Тоқаевтың «Жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру кезеңіндегі Қазақстанның сыртқы саясаты» докторлық диссертациясының негізгі ғылыми кеңесшісі болды. (…) Бейресми ақпаратқа сәйкес, К.Сыроежкин тыңшылық жасады деген күдікке ілінген », – делінген хабарламада.
Тоқаевтың докторлық диссертацияның қорғауы 2001 жылғы 4 маусымда Мәскеу қаласында өтті.
Басылымда келтірілген өмірбаянына сәйкес, 2006 жылдан бастап Сыроежкин Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері болды.
Ол «Қытайдағы қазақтар: әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму туралы мақалалар», «Қазіргі Шыңжаң және оның Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары», «Қазақстан-Қытай: трансшекаралық ынтымақтастықтан стратегиялық әріптестікке», «Қазақстаннан қорқу керек пе? Қытай: мифтер мен фобиялар” кітаптарының авторы.
“Адырна” ұлттық портал: https://adyrna.kz/zhanalyktar/tanymal-alym-shpiondy-k-dikpen-amau-a-alyndy/