Жаңалықтар

ТАСҚЫНҒА ТОСҚАУЫЛ: ПРЕЗИДЕНТ ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет су тасқынынан зардап шеккендердің шығынан өтеуге көмектеседі. Жағдайды жеке бағамдау үшін Батыс Қазақстан облысына барған Президент тұрғындармен кездесіп, қаржылық қолдау болатынын айтты.

Сондай-ақ өңірдегі жағдайдың ушығып кетуі мүмкін екеніне тоқталып, жеке штаб отырысын өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай көлемді тасқын бұрын-соңды болмаған.

1994 жылы осыған ұқсас жағдай болыпты, алайда қазіргі су тасқыны одан әлдеқайда ауқымды. Аймақтағы ахуал қалай? Тұрғындар Президентке нені баяндады? Президент борты Орал әуежайына қона салысымен Қасым-Жомарт Тоқаев тікұшаққа беттеді.

Аймақтағы ахуалды уақыт жоғалтпай барлап, бағамдағысы келсе керек. Себебі қарғын судан келер қауіп сейілмей тұр. Ауылды шаймақ түгілі үйлерді қиратып, көпірлерді бұзып жатыр «Қызыл су бір мезетте қапы қалдырды». Куәгерлер осылай деп,

аман қалғанына тәубе етеді. Қаратөбе ауданы табиғат апатына өткен аптада тап болды. Жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге қайық немесе тікұшақтың көмегімен жеткізілді.

Қуанышқали Қайрекен, Аққозы ауылының тұрғыны: — Су 27-сі күні сағат 10-дарда қатты келді. Қатты келіп, үйді су шайды. Ішіне кәдімгі. 40 сантиметр үйдің ішіне су кірді. Бала-шаға, немеремізді терезеден алып шықтық. Машинаның ішінде балаларды ұстап отырдық, қайық келген.

Кейін қайық келіп, мектепке жинады. Бәрімізді. Тоңазытқыш, бәрі суға кетті ішіндегі. Төсектер де суға. Пеш құлап, қара күйе басып кеткен үйдің үстін. Екі пеш құлады. Бекзат Аманов, тілші: — Осы Қалдықайты өзенінің екі жағын 22 ауыл жағалай қоныстанған. Мұнда әдетте жазда су таяз, жаяу кешіп өтуге болады. Ал қыста судың арнасы толады. Алайда биыл жағдай тым күрделі. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана тасқынға төтеп бере алмай,

артымда тұрған өткен қирады. Осылайша, жағаның арғы бетіндегі 8 ауылмен байланыс үзілді. Қазір ол жақтағы тұрғындарға тек тікұшақпен ғана көмек көрсетіліп жатыр. Рауан Қашқынбаев, облыстық ТЖД №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары: — Адамдарды өткіземіз, керек-жарақ, тамақтары бар. Оның ішінде жанар-жағармай бар, дәрі-дәрмек бар. 2-сі күні таңнан бастап 200-ден астам ересек адам мен 35 кішкентай балалар өткізілді.

Ал үйі қирап, далада қалған 182 тұрғын аудан орталығындағы эвакуациялық орталыққа орналасты. Олар: «мұндағы жағдайда қарын тоқ, көйлек көк», – дейді. Десе де болған жағдайға қынжылады. Бибігүл Райымова, Қоржын ауылының тұрғыны: — Үйіміз құлап жатыр бәрі. Енді артының қайырымен. Қуаныштымыз, басшылар келіп, жан-жақтан кісілер келіп көмектесіп жатыр. Мың алғыс айтамыз. Осы жерге әкеліп, егер түнде тасыса, судың астында қаламыз. 1 адам шыға алмай қаламыз. Бізде баспана ғой енді. Есіңе түскенде өз үйің өз төсегің дегендей. Өңір бойынша көшірілген тұрғынның саны 7 мыңға жуық.

Басым бөлігі баспанасын базыналап жүр. Қамкөңіл болған қалың қараша бүгін талап-тілегін Президентке жеке айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев шығынды өтеу үшін мемлекет барлық шараны қабылдайтынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: — Хал-жағдайларыңызды білу үшін арнайы келіп отырмын. Бұл – бұрын-соңды болмаған үлкен табиғи апат. Сондықтан бәріміз бір ел, бір халық болып әрекет етуіміз керек. Мемлекет, Үкімет баршаңызға қол ұшын береді. Материалдық, қаржылық көмек көрсетеді. Оған еш алаңдамаңыздар. Бәрі дұрыс болады. Тұрғындар Мемлекет басшысына жағдайдың жай-жапсарын бүкпесіз баяндап берді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close