Әлеумет және қоғам

Таяу Шығыстан Қазақстан азаматтары толық эвакуацияланды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Таяу Шығыс елдерінде қалып қойған 10 275 қазақстандық қауіпсіз түрде елге қайтарылды. Эвакуация әуе және құрлық жолдары арқылы жүзеге асырылып, өңірдегі дипломатиялық өкілдіктер отандастармен тұрақты байланыста болып, оларға қажетті көмек көрсетті.

Таяу Шығыс елдерінде қалып қойған Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Qandastar.kz.

Ведомствоның Telegram-арнасында эвакуация басталғаннан бері елге қайтарылған азаматтардың жалпы саны жарияланды: 10 275 адам Отанына қауіпсіз жеткізілген.

Қазақстан азаматтарын эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, оның ішінде әуе және құрлық жолдарымен жүзеге асырылды. Өңірдегі дипломатиялық өкілдіктер шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен үйлесімді жұмыс істеп, қазақстандықтармен тұрақты байланыс орнатып, оларға қажетті көмек көрсетті.

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың қауіпсіз елге оралуын қамтамасыз етуге көмектескен мемлекеттік органдар мен шетелдік әріптестерге алғыс білдірді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button